Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған
Зерендіден келген төрт жасар бала 39 магниттік шарды жұтып қойған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Nayzakokshe.kz-те ақпарат жарияланды. Оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған.
Бақытына орай, хирургтар баланы құтқарып қалған. Бірақ операция қиын өткен.
“Баланың анасы ұлының аузынан бірнеше магнитті мәрмәр моншақты тауып алған. Алайда, біраз уақыттан кейін нәресте өзін нашар сезініп, шағымданған. Тағы біраздан соң құса бастапты. Ата-аналар оны шамадан тыс тамақтанғаннан шығар деп ойлаған. Бірақ жағдайы нашарлаған кезде оны шұғыл түрде Ақмола ауруханасына жеткізуге тура келген. Операцияны тәжірибелі дәрігер, бөлімше меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді. Мен көмектестім. Лапороскопиялық тіреуіштің, монитордың көмегімен біз 39 магниттік шарды шығарып алдық! Үш күн ішінде олар ішектерді зақымдап, тоқ ішек пен аш ішекті тесіп үлгерген. Бұл операцияны қиындатып, бес сағатқа созылды. Сонымен қатар,ішек жолдарында перитонит дамып, жаралардан ірің ішек қуысына төгілген", — дейді хирург Сәлімжан Жақыпов.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл соңғы алты айдағы қайталанып отырған үшінші жағдай екен. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар! Оқыс жағдай орын алса, бірден мамандардың қызметіне жүгініңіздер. Өздеріңіз залалмен күресу, өмірге қауіп төндіруі мүмкін дейді дәрігерлер.