Тибеттегі зілзаладан кемі 53 адам опат болды: Эверестке барар жол жабылды

Qaz365.kz редакциясы

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Динги уезінің болысында болған

Видеодан кадр

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық аймағында сейсенбі күні таңертең болған 6,8 баллдық жер сілкінісіне байланысты Джомолунгма тауының туристік аймағы уақытша жабылды. 

Бұл ақпаратты Синьхуа агенттігі таратты. Альпинистік базалық лагерьдің орны саналатын Динси округінде туристер мен қонақүй ғимараттары зардап шекпеген.

Жалпы аймақ бойынша мыңнан астам ғимарат зақымданған. Ал Қытай сейсмологиялық басқармасы екінші деңгейдегі әрекет ету режимін іске қосып, гуманитарлық көмек жіберді.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Динги уезінің болысында болған, онда шамамен 6900 адам тұрады, ал уездің жалпы халқы 61 мыңнан асады.

Тоқаев Сиге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.