Тибеттегі жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды

Qaz365.kz редакциясы

Жойқын зілзала сейсенбі күні таңертең тіркелді.

Фото: Xinhua

Тибет автономиялық аймағында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Жаңа келіп түскен мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 126 адам көз жұмып, тағы 188 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Жойқын зілзала сейсенбі күні таңертең тіркелді.

Жер сілкінісі бүгін таңғы 9:05-те (пекин уақыты) Сигадзэ қаласының Тингри уезіндегі Цого ауылында тіркелген. Зілзала магнитудасы 6,8 баллды құраған. Эпицентрден 20 шақырым радиуста 6 900 адам тұратын 27 ауыл орналасқан, -делінген ақпаратта.

Жер сілкінісінен кейін Джомолунгма тауының туристік аймағы уақытша жабылды.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.