Air Astana ұшағынан ақау шұғып, Ақтауға шұғыл қонды

Qaz365.kz редакциясы

Зардап шеккендер жоқ

Фото: aviation24.be

8 қаңтарда Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC915 рейсі Ақтау әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Эйр Астана" әуе компаниясының мәліметінше, Airbus A321 ұшағы Алматыдан сағат 08:35-те ұшқан. Бірақ орталық цистернаның жанармай жүйесінің босату клапанының ақауы анықталғандықтан, экипаж жоспардан тыс қонуға шешім қабылдаған. 

Зардап шеккендер жоқ. Алматыдан қосалқы бөлшектерді жеткізу қажеттігіне байланысты рейс 9 қаңтарға ауыстырылды.

Әуе компаниясы рейстегі жолаушылар тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілетініні мәлімдеді. Анталияда рейсін күтіп отырған жолаушылар үшін де осындай шаралар қабылданды.