Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, балалар көз жұмды

Nur-Altay Umirzak

Пәтердің төбесі мен үй заттары толығымен өртеніп  кеткен

Сурет: Depositphotos.com

Қарағандыдағы тұрғын үй өртеніп екі бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

“Пришахтинская көшесіндегі екі бөлмелі тұрғын үйден түнде өрт шыққан. Пәтердің төбесі мен үй заттары толығымен өртеніп  кетті. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып, алдын ала көміртегі тотығымен улану диагнозымен балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты. ТЖМ қызметкерлері жалпы ауданы 50 ш.м.  болатын өртті толығымен оқшаулап, жойды", – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып,  сараптама тағайындалған.