Қардың да қап-қара болып кетуіне негізгі себеп...
Ұлытау облысындағы 60 мыңнан аса тұрғыны бар Сәтбаев қаласында көшелерді қара күйе басып, қар қарайып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл турал Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«Қардың да қап-қара болып кетуіне негізгі себеп — жылу қазандығынан шыққан түтін. Осы үшін қар қараға боялған. Арзан көмір тарифтің өсуін тежеуге көмектеседі, бірақ сапасы экологияға кері әсерін тигізеді», — деп түсіндірді Ұлытау әкімдігі.
Қазір қалада жеке үйлерге газ тарту жалғасып жатыр. Жергілікті билік бұл жоба аяқталған соң қазандықтан шығатын күйе мәселесі шешіледі деп отыр.