Маңғыстау облысында колледждің бухгалтері 243 млн жымқырған

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды

Фото: Depositphotos

Маңғыстау техникалық колледжінің бухгалтері  243 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайт облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізген кезде анықталған.

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.