Қазығұрт ауданында газ баллоны жарылып әкесі мен екі кішкентай баласы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: focus.ua

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылы округі Айнатас елді мекенінде газ баллоны жарылып, бір үйден үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 7 қаңтарда жарылған газдан бір отбасыдан әкесі және екі ұлы өмірден өтті. Атап айтсақ 40 жастағы Дәулет Тұрабаев және оның 12 жастағы Мұқағали Убайдулла мен 5 жастағы Нұрасыл Убайдулла есімді екі баласы қайтыс болды.

Дәл осы Қазығұрт ауданының Жұмысшы елді мекенінде 6 қаңтарда толтырылған газ баллоны жарылып, төрт адамды күйік шалған еді.

Желтоқсан айының соңында Жетісу облысында да осындай қайғылы жағдай туралы БАҚ беттерінде жазылды.