Полицейлер бұл видеоның оқиғаға қатысы барын растады
Telegram желісіндегі арналардың бірінде полиция қызметкері мен Алматыдағы мекемелердің біріне келушінің арасындағы кикілжің қалай басталғаны түсірілген видео жарияланды. Полицейлер бұл видеоның оқиғаға қатысы барын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында видео жарияланды, видеоның сипаттамасында кадрда полиция қызметкері қатысқан жанжалдың басы көрсетілген. Бейнежазбада 41 жастағы күдікті қасында отырған қызды қылғындырып, қолынан жұлқылағаны көрсетілген.
"Полиция қызметкері араласып, агрессия көрсеткен ер адамды алып кетті, кейін олар сыртқа шыққан. Төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды", - делінген видеоға берілген сипаттамада.
Сондай-ақ Telegram-дағы осы арнада тағы бір видео жарияланды. Видеода күдіктінің "мейрамхананың алдындағы төбелестен кейін сөмкесін алу үшін бөлмеге жүгіріп кіріп, оның ішінен бір затты шығарғаны" көрсетілген.
"Ол пышақ болуы мүмкін, ол осы затпен көшеге шыққан", - деп жазылған.