Ақтауда өрт арасында қалып қойған 8 бала құтқарылды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға  28 «А» ықшамауданында орналасқан бес қабатты үйде орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Ақтауда қызыл жалын арасында қалып қойған 8 бала құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

“Ақтау қаласының 28 «А» ықшамауданында орналасқан бес қабатты үйдің бірінде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген сәтте 3-қабаттағы кіреберіс қызыл жалынға оранғаны, ал оттың пәтерге өте бастағаны анықталды. ТЖМ қызметкерлері автосатымен 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Медициналық көмекке 10 адам, оның ішінде 7 бала жүгінген. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберіліпті.

 

Leave a comment