Әуежайда жалғыз қалып қойған қыздың ісі: Air Astana апелляциялық сотта жеңілді

Nur-Altay Umirzak

Компания моральдық өтемақы сомасын 5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұраған

Сурет: Freepik.com

Әуежайда жалғыз қалып қойған баланың ісі бойынша “Air Astana” әуе компаниясы апелляциялық сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді.

“Алматы қалалық сотының сот алқасы Air Astana әуекомпаниясының апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты” , – делінген қалалық сот шешімінде.

Тасымалдаушы моральдық өтемақы сомасын 5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұраған. Бірақ сот Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешімін күшінде қалдырыпты.

"Бұл шешім заңды күшіне енгенін және зардап шеккен қыздың анасы 5 миллион теңге көлемінде өтемақы алатынын білдіреді", – деді отбасының адвокаты Данильхан Шағатаев.