Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен
Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Желідегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оқиға Рысқұлбеков көшесіндегі үйлердің бірінде болып жатыр.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды.
Жер үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кеткен. Ол қызды кепілге алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтің бәрі жетті, аумақ қоршауға алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры оқиға орнында жүр. Қазір келіссөз жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.