"Тамақ бермеген, ұрып-соққан": Павлодардағы пансионаттағы қарттарды азаптау ісі

Nur-Altay Umirzak

Олар қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп отырған

Сурет: mk-kalm.ru

Павлодарда қарт адамдарды азаптаған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Павлодар қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады. Мекеме қызметкерлері 20 қарияны тамақтандырмаған, жүріп-тұруын шектеген, ұрып-соққан. Осында қайтыс болған адамдардың пәтерін ұзақ уақыт бойы жалға беріп келген», – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталып, күдіктілер тергеліп жатыр.