Павлодарда 21 жастағы қыз 10-қабаттан секіріп кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Камзин көшесіндедегі тұрғын үйлердің бірінде болған

Сурет: Korrespondent.net

Павлодарда 21 жастағы қыз 10- қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"13 қаңтарда кешкі уақытта Камзин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 17:47 – де келіп түскен. Ол 10- қабаттан секіріп кеткен. 2004 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән – жайы мен себептері анықталуда", – делінген Полиция департаменті жауабында.