Шымкентте анасын өлтіріп, өртеп жіберген күдікті туралы тың дерек шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол ізін жасыру үшін үйді өртемек болған.

Qaz365.kz.

Шымкентте 54 жастағы әйел жантүршігерлік жағдайда ажал құшты. Мүмкіндігі шектеулі ананы өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікпен өз ұлы қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қайғылы оқиға

Оқиға 12 қаңтар күні күндізгі сағат он бірлер шамасында басталған. Үйдің көршісі қылмыс болған үйден ешкім көрінбей қалғанға күдіктенген. 

Осы бәле мамасына бірбәле істеп қоймады ма деп?!» деп ойладық. Арғы жағындағы көршіден сұрадық. «Мамасы дәретханаға кіріп-шыға ма?» десек, «кіріп-шығып жүр» деді. Сөйтіп тұрғанда өлтіріп, өзі өртеп жіберген екен ғой. 12 күні таңертең сағат 11-де өлтіріп, сөйтіп сол күні алып шығып, түнде жаққан екен ғой, - дейді көршісі.

Сұмдықты бірінші болып марқұмның үлкен ұлы көрген. Жұмыстан келген ол қанға малынған үйді көріп, далаға қашып шыққан. Сөйтіп, өзіне жұмыс беруші әйелдің үйіне барған. Қанға бөккен үйге келген екеу кіре алмай далада біраз жүрген. Көрші өзге әйелдерді ертіп ішке кірген кезде оларды күдікті пышақпен қуып шыққан. 

 Бұл әйел көп қорлық көрді негізі. Оған дейін шалы да бұл кісіні жерден алып, жерге салатын. Ол кезде балалары кішкентай еді. Өлтірген баласы сау еді. Үлкен баласының ғана сәл-сәл ауытқуы бар еді. Ауытқу болғанымен ешкімге зияны жоқ. Шал кеткен соң рахаттанып өмір сүретін шығар деп едік. Баласы бұзық болып шықты да шешесіне тек қана зәбір көрсетіп, қорқытып, жұлқылап жүрді. Басында жақсы жүретін. Кейін үйленіп ажырасты. Екіншісіне тағы үйленді. Онымен де ажырасты, – дейді азамат. 

Ұлы екі рет сотталған

Анасын қорлап өлтірді деген шымкенттік жігіт екі рет сотталып шыққан. Бірінде ұрлық үшін ұсталса, екіншісінде нашамен байланысып жауапқа тартылды дейді ер адам. 

Бұның баласы алдында екі рет сотталған еді. Наша шегуін қоймады бұл. Анау жерге отырып алып, наша шеккенді жақсы көретін. Ол түтіннің иісі менің тереземе кіреді жаздың күні. Мен шығам да оны ұрғым келетін. Мамасы қорғаштайтын «тимеші» деп. Осы жағдай болды ғой ақыры, - дейді көршісі. 

Ер адам 3-4 күн бұрын көрші үйдің ішінен гүрсілдеген дауыс шыққанын айтады. Қатты дауыстан секем алған қаралы үйдің көршісі үй өртеу үшір күдіктінің ағаш жарғанын айтады. Кейін белгілі алдын-ала дайындалған ағаш әр бөлмеге жайғастырылған анықталған. 

Мамасын өлтіріп болғаннан кейін барып, сыртқа алып шығып, туалеттің алдына барып, сол жерде шұңқырға тастап, астына-үстіне ағаштардың бәрін үйіп-төгіп жаққан. Апарып, қазір жерлеп келдік қой. Бір-ақ метр болып қалған, - дейді көршісі.

Күннің қарайғанын күткен

Анасын аяусыздықпен өлтірді деген күдікті сол күні поштаға түсетін әйелдің жәрдемақысын алып келген екен. 

Қайтыс болардың алдында почтадан ақша алыпты бұлар. Шешесін жұлқылап жүріп, тез-тез ақшасын алдырып, үйіне алып келген. Ақшасын алып болған соң әкеліп, өлтірген. Бірінші шынжырмен қылқындырып өлтірген. Кейін пышақтап. Күннің қарайғанын күтіп, апарып сол жаққа жаққан. Ешкім көріп қоймасын деп, - дейді көршісі. 

Өз ұлының қолынан айуандықпен ажал құшқан әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал ұлы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.