Ақтаудағы ұшақ апаты: «қара жәшігіндегі» деректерді Қазақстанның мамандары зерттеп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқан еді

Фото: t.me/qr_tjm

Қазақстан тарапы Бразилия ашып берген қара жәшіктегі мәліметтерді зерттеп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қазақстанға жеткен мәліметтерді мамандар зерттеп жатыр», - деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктерін Бразилия талдап, нәтижелерін Қазақстанға жіберген болатын.