Әуе апатынан 38 адам қаза тапқан еді
Қазақстанның Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Қазақстанның Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді. Естеріңізге сала кетейік, комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Baza Telegram-арнасы апат болған ұшақ ұшқыштарының диспетчерлермен әңгімесінің толық мәтінін жариялаған еді. Алайда бұл деректерді ешкім растаған жоқ.
7 қаңтарда Бразилия Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағының екі "қара жәшігін" талдауды аяқтағаны, талдау нәтижесі Қазақстанға жіберілегені белгілі болды.
15 қаңтарда Көлік министрлігі өкілдері "қара жәшіктердегі" деректерді алғанын растады.
25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, Әуе апатынан 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалды.