Қазір іс материалдары полицияға жіберілген
Семейде шыршаны безендіріп жатқанда құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеруді аяқталды.
Бұл туралы істе ҚР Еңбек инспекциясы тексеру жұмыстарын аяқтаған.
“Жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді. Жұмыс беруші мұғалімге жоғалған жалақысын толық көлемде төлеуге және ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтеуге міндетті. Іс материалдары полицияға жіберілді, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады”, – делінген Еңбек инспекциясы хабарламасында.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алғанын, кейін оның 8 қаңтарда ауыр операциядан кейін ауруханадан шығарылғанын, ем-домның ары қарай жалғасатынын жазған болатынбыз.