"Ағаш баспалдаққа асылып жатқан": Қызылордада ер адам өлімнен аман қалды

Nur-Altay Umirzak

Полицейлер оны ажалдан арашалап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған

Сурет: gov.kz

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қызылорда қаласы Полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“102 кезекші пультіне Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті. Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып жатқандығын көреді. Полицейлер ер адамды өлімнен арашалап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір ер адамның өз-өзіне қол салуға нақты не итермелегені туралы тексеру жүргізілуде.