Ол 2970 м биіктікте шатқалда орналасқан күркеден табылған
Алматы тауларында 3 күн хабарсыз кеткен турист белсенді іздеу жұмыстарының нәтижесі сәтті аяқталып табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
“12 қаңтардан бастап 1982 жылы туған азамат Алматы облысындағы таулы жерлерге көпкүндік жорыққа шыққан. Турист 15-нен бастап байланысқа шықпаған соң, оның туыстары ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінді. Алғашқы екі күнде танымал туристік маршруттардағы 21 орын, соның ішінде әйгілі шыңдар, шатқалдар мен асулар зерттелді. 18-қаңтар күні "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен ұшу нәтижесінде ер адам 2970 м биіктікте "Сол Талғар" шатқалында орналасқан күркеден табылып, Алматы қаласына жеткізілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Саяхатшы медициналық көмекке жүгінбеген. Жағдайы жақсы. Туыстарымен аман-есен қауышқан.