Атырауда балабақша тәрбиешісі баланың шабынан тепкен

Nur-Altay Umirzak

Бала ата-анасына тәрбиешісі тепкенін айтып шағымданған

Сурет: Бейнеден кадр

Атырауда баланың шабынан тепкен тәрбиеші жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаладағы «Зейнеп-Әмина» жекеменшік балабақшасында тәрбиешінің баланың шабынан тепкен сәті бейнекамераға түсіп, әлеуметтік желіде таралып кетті.

Видеоны желіге жергілікті белсенді Рүстем Баязиев жариялаған.

Бала ата-анасына тәрбиешісі аяғынан тепкеніне шағымданған. Басында олар сенбегенімен, басқа балалардың ата-аналары да балалары шағымданғанын айтқан соң, мән бере бастаған. Артынша баланың әкесі балабақша әкімшілігінен бейнежазбаны талап еткен. Бейнежазба оған екі күннен кейін берілген.

Оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылған. Бірақ, ата-ана тәрбиешінің жазаланғанын талап етіп отыр. 

"Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.