Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайының жанында жаппай төбелес болды

Nur-Altay Umirzak

Жаппай төбелеске шамамен 60-тай адам қатысқан

Сурет: Бейнеден кадр

Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайының жанында жаппай төбелес болған, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

19 қаңтар күні кешке Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында 60-қа жуық адам қатысқан жаппай төбелес болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қақтығыс кезінде атыс сияқты дыбыстар естілген. Бірнеше адам жарақат алған. Бірақ ақпарат бойынша олар үйден емделіп жатқанға ұқсайды.

Қазір оқиғаға қатысты мән-жайдың барлық егжей-тегжейі нақтыланып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді.