Ақтөбеде кепілге алынған әйел ауруханадан шығарылды

Nur-Altay Umirzak

Әйелдің енді психологиялық оңалтудан өтуі керек

Сурет: instagram/aktobe_live

Ақтөбеде кепілге алынған әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалып, емделу уақыты аяқталғанын мәлімдеді. Бірақ 40 жастағы әйел психологиялық оңалтудан өтуі керек.

“Науқастың жағдайы түзелді. Жарасы жазылып, тігістерін алдық. Туыстары келіп, алып кетті. Енді ол емханадағы дәрігерлердің бақылауында болады, – деді облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігері Оксана Оноприяк.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде белгісіз бір күдікті ер адам 40 жастағы әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, оны әке-шешесімен бірге соққыға жыққан еді. Ауыр жарақат салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза болған. Ал 3 сағат бойы тұтқында болған әйел ауруханаға түскен болатын. Күдікті ұсталып, екі айға қамалған.