Оқиға Орал дүкендерінің бірінде болған
Орал тұрғынына жасөспірімді ұрғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық соты мәлімдеді.
Оқиға Орал дүкендерінің бірінде болған. Жасөспірім әйелдің бутикіне барып, әйнек терезеге сүйенген. Сатушының ескертулеріне кәмелетке толмаған жасөспірім мән бермей, оның орнына әйелді балағаттап тастаған.
"Сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал болып, әйел кәмелетке толмаған жасөспірімнің оң жақ бет аймағына шапалақпен ұрып, физикалық ауырсыну мен моральдық зақым әкелген. Орын алған оқиғаға қатысты әйел кінәлі деп танылды", – делінген Облыстық сот хабарламасында.
Жасөспірімнің ата-анасы оған қатаң жаза тағайындауды өтінген. Нәтижесінде әйелге сот 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындаған. Бұл шамамен 369 200 теңгені құрайды.