«Қазақмыс» кенішінде кенші қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Арнайы комиссия құрылды

Фото: rawpixel

Оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің Анненская кенішінде болды. Марқұм 1985 жылы туған 5-разрядты ұсақтағыш оператор жұмысын атқарған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақмыс» кәсіпорнының мәліметінше, компания марқұмның отбасына көмек көрсетіліп, ұжымдық шартта көзделген төлемдер мен жерлеу шығындары өтеледі.

Жұмысшы қазасының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылыпты.