"Арпалысқан, алысқан": Саранда дүкен сатушысын аяусыз пышақтап кетті

Nur-Altay Umirzak

Қазір ұры қылмыскерді қаланың барлық жерінен іздестіріп жатыр

Сурет: Бейнеден кадрлар

Қарағанды облысы Саран қаласы дүкендерінің бірінде сатушыны ұры аяусыз пышақтап кетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімеді.

Ұрының сатушы әйелге жасаған шабуылы бейнежазбаға түсіп қалған. Бақылау камерасы беті мен басын бүркемелеген ер адамның сатушы тұратын орынға өтіп бара жатқанын, содан кейін кадрда екеуі арпалысып, алысқан әйел ұрымен қатты текетіресіп жатқанын тіркеген.

“Саран қаласында 27 жастағы тұрғынының денесі дүкеннен табылған. Аталған факті бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстауға облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, –  деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция ұры қылмыскерді қаланың барлық жерінен іздестіріп жатыр.