Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, ғимарат Сельчуклу ауданында құлаған
Түркияның орталығындағы Кония провинциясында үш қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Бүгінде іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.
Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, ғимарат Сельчуклу ауданында құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және бірнеше жедел жәрдем көлігі жіберілді.
Провинция губернаторы Ибрагим Акынның айтуынша, үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Құтқарушылар қазірдің өзінде екеуін аман алып шықты.
Ғимараттың құлау себебі әлі анықталған жоқ, тек ескі болғаны айтылды.
Кония прокуратурасының оқиғаға байланысты тергеуді бастағаны хабарланды.
Көпқабатты үйдің қираған сәті видеоға түсіп қалған.