Бүгін «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот үкімі шығады

Qaz365.kz редакциясы
Видеодан кадр / instagram.com/kudaibergen_kairat

Кезінде «қылмыс әлемінің серкесі» атанған Арман Жұмагелдиев пен оның серіктестерінің «Қаңтар» оқиғасы кезінде әрекеттеріне байланысты 27 қаңтарда сот үкімі шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ZTB NEWS телеграм-арнасының жазуынша, осы іске қатысы бар деп 44 адам айыпталған.
Сот процесі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған еді. Қазіргі кезде  44 айыпталушының 25-і тергеу изоляторында (ТІ) ұсталып отыр, қалғандары — үйқамақта,

Негізгі айыпталушылардың қатарында:

• Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») — бірнеше бап бойынша айыпталған, Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеу изоляторында отыр.

• Руслан Ысқақов —ҰҚК 5-басқармасының бұрынғы бастыы.

• Талгат Махатов («Саныч», «Бетон») — бұрынғы қаржы полициясының агенті.

Бұрынғы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген, журналист Бердах Бердімұрат және тағы 17 адам Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің түзету мекемесінде (бұрынғы СИ-18) қамауда.

Сот барысында кейбір айыптаулар қайта қаралған:

• Арман Жұмагелдиевтің үстінен 11 баптың үшеуі алынған;

• Журналист Бердімұратов пен Талгат Махатовтың оққағарларынан «бандитизм» бойынша айып алынып тасталған;

• Қайрат Құдайбергенге төрт бап бойынша айып тағылғанымен, одан тек екі бап қалған. Оған қоса, сотта куәгерлер оның әкімдік ғимаратынан және полиция қызметкерлерінен әскерилерді құтқарудағы рөлін растаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде тергеушілер «Дикий Арман» деген атпен белгілі криминалдық беделді Арман Жұмагелдиев пен Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа берді. Олардың «Қаңтар» оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деп күдіктелуде.