Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған ҰҚК бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Nur-Altay Umirzak

Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынып отыр

Сурет: сот жазбасынан кадр

Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған ҰҚК бұрынғы басшысына сот үкімі шықты,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Искаковты 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынған.

Қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша барлығы 45 айыпталушы, жәбірленушілер жағында — 24 адам арызы қаралған. Сот процестері мемлекеттік құпияның болуына және зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жабық режимде жүргізілді. Үкім бүгін, 27 қаңтарда №72 тергеу изоляторынан таратылып, шығарылған.

Бұдан өзге Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) де қатысты сот үкімі шықты.