Қостанайда мешіттен ер адам өзгенің сырт киімін ұрлап кеткен

Nur-Altay Umirzak

Күдікті деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған

Сурет: Бейнежазбадан кадр

Қостанайда мешіттен өзге адамның сырт киімін ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы "Марал Ишан" қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр”, – делінген полиция ақпаратында.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.