Өрт бүгін Байқоңыр ауданы Таха Хусейн көшесінде екі қабатты жатақханадан шыққан
Елордалық өрт сөндірушілер өрт кезінде 15 адамды эвакуациялап, 11 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданы Таха Хусейн көшесінде екі қабатты жатақханада өрт орын алды. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер 20 ш.м. алаңдағы өртті жедел сөндірді. ТЖМ күштерімен түтінді аймақтан 15 тұрғын эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа 11 газ баллоны шығарылды, – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт кезінде жарақаттанып, зардап шеккен адамдар жоқ. Қазіргі уақытта өрт себебі мен шығын мөлшері анықталып жатыр.