Халықаралық іздеу жарияланған Дана Орманбаеваның қайда екені айтылды

Nur-Altay Umirzak

Оған ҚР ҚК 174 бабы бойынша іздеу жарияланған

Сурет: danapartner/Telegram

Бас прокурордың орынбасары журналист Дана Орманбаеваның ҚР ҚК-нің 174-бабы ("ұлттық араздықты қоздыру") бойынша іздестіріліп жатқанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, тергеу әрекеттері оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл іспен Интерпол айналысып жатыр.

"Ол дәл қазір қай жерде екенін мен айта алмаймын. Әлеуметтік желілерде ол БАӘ-де жүріп болған жағдайға түсініктеме бергенін жазып жаты. Бірақ бізде бұл ақпаратты ресми растай алмаймыз", –  деді Ғалымжан Қойгелдиев.