Алматыдағы тергеу изоляторынан күдікті қашпақ болған: ҚАЖК жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: pixabay.com

Алматыдағы тергеу изоляторынан күдікті қашпақ болды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің мәліметінше, ұрлық жасаған күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторынан қашпақ болған.

"Қабылданған шаралардың арқасында ол ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар қызметтік тергеу басталды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.