Атырауда прокуратура және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мейрамханада төбелесіп қалды. Олардың біреуі комада, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби Бақытжановтың денсаулығына зиян келуіне қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады.
28 қаңтарда Атыраудағы мейрамханалардың бірінде прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов төбелесіп қалған. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.
Төбелес салдарынан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бағытжанов жарақат алып, комаға түскен.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша іс қозғалды.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі ақпаратты растап, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Атырау облысының полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр – деді бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.