Шымкеттік тиктокер қыз эфирде полиция формасын қорлаған

Nur-Altay Umirzak

Ол 24 жастағы полицияға қатысы жоқ жергілікті тұрғын болып шыққан

Сурет: Polisia.kz

Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан шымкенттік тиктокер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Полиция қызметкерлері ТикТок желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады. Полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен.Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады. Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты.Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды”, – делінген полиция хабарламасында.