Апатқа әскери тікұшақ пилотының қаншалықты кінәсі бар
АҚШ-тағы ұшақ апатынан 18 адам қаза тауып, 48-і әлі іздестірілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы CBS телекомпаниясы оқиға орнындағы полицейлердің ақпаратына сүйеніп мәлімдеген.
“АҚШ астанасы Вашингтондағы Потомак өзеніне жолаушылар ұшағы құлады. Әуекомпанияның мәліметінше, ұшақ бортында 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Ол қонарда әскери тікұшақпен соқтығысқан. Жергілікті уақытпен 23:30-те өзеннен 18 адамның денесі табылды. №5342 рейсті «American Airlines» компания өңірлік бөлімшесі «PSA Airlines» орындаған. Ал оған соғылған әскери тікұшақ жаттығу мақсатында ұшып шыққан”, – делінген ақпаратта.
Дәл қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр.