Қатерлі ісік 41 жастағы әйелдің жатырынан анықталған
БҚО-да хирургтер науқастан 9 келі қатерлі ісікті алып тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Облыстық онкологиялық диспансері мәлімдеп отыр.
“Облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлері Руслан Сайденов және Есенбек Ағайбаев 41 жастағы әйелдің жатырынан салмағы 9 келі, көлемі 40 сантиметр қатерлі ісік өскінін алып тастады. Ота сәтті өтті. Қазір пациенттің жағдайы қалыпты. Ол бұған дейін дәрігерге жүгінбеген, онкология немесе басқа да аурумен есепте тұрмаған”, – делінген аурухана ақпаратында.
Сурет: БҚО Денсаулық сақтау басқармасы
Науқас ауырсыну бірнеше рет қайталанса да ауруханаға келуге асықпаған. Тек дәрігерге іштің астында қатты ауырсыну пайда болған кезде ғана келген.