Жаза өтеу мерзімі өзгертілді: Ақтауда спортшы қызды зорлаған бес жігітке сот қайта үкім кесті

Nur-Altay Umirzak

Бүгін аппеляциялық соттың шешімі шыты

Сурет: "Не молчи" қоғамдық қоры

Былтыр мамыр айында Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін спортшы қызды ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстаған 5 жігітке сот қайта үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасы спортшы қызды зорлау және өліміне қатысты істің қатысушыларына сот шешімін оқып, жазаны қатаңдатты.

Алғашқы шешім бойынша, басты күдікті саналған 33 жастағы азамат Қылмыстық Кодекстің 8-бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айрылған. Басқа екі жігіт – 7 жылға, ал қалған екеуі 8 жылға жаза арқалған болатын.

Бүгінгі соттың шешімі бойынша:

Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушыларға келесідей жаза берілді:

  • Еркебұлан Аманқос — 16 жыл.
  • Аралбай Мерей — 13 жыл.
  • Дархан Құлбас — 13 жыл.
  • Қуаныш Үсенғали — 13 жыл.

Зардап шеккен отбасыға 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді. 

Еске сала кетейік, күдіктілердің қызды ұрлап кеткен оқиғасынан кейін соң жәбір көрген бойжеткен 9-қабаттан секіріп көз жұмды. Ал марқұмның туысы кінәлілерге кесілген соттың үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген болатын.