Алматы полицейлері оғаш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналист Михаил Козачков телеграм арнасының жазуынша, кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.
Кешкі тоғыздар шамасында курьер жігіт бір мекенжайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Дүкеннен алып, тұтынушыға апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік жерінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген, деп жазады арна.
Телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, оқиғаға қатысы бар адамның аты Алмас Кішкенбаев.
Полиция К. есімді адамның ұсталғанын растады.
«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді»,- деді полицияның баспасөз қызметінен.