Бетпе-бет соғысқан: Алматы - Бішкек тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Полиция мәлімет берді

Фото: Алматы облысы ПД

4 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы жағдай Алматы - Бішкек тас жолының 102-шақырымында болды. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.