6 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде дабыл қосылады

Nur-Altay Umirzak

Дабылдар күндізгі сағат 11:00-ден бастап қосылады

Сурет: Pexels

6 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде дабыл қосылады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“6 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде дабыл қосылады.Бұл хабарландыру жүйелерінің жұмысын тексеру мақсатында жүргізіледі.ТЖМ тұрғындарды үрейге салынбауға шақырды, себебі бұл тек су тасқынына дайындық бойынша азаматтық қорғаныс жаттығуларының бір бөлігі ғана”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Дабылдар Алматы, Шымкент және 9 облыста 11:00-ден бастап қосылады.