Ақтаудағы ұшақ апаты: қайғылы оқиғаның себептері жақында айтылады

Qaz365.kz редакциясы

Мамандар жұмыс істеп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл - өте ауыр жұмыс", - деді Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.