Ақтаудағы ұшақ апаты: сырттан қатты екі бірдей соққы жасалған

Qaz365.kz редакциясы

Экипаждағы алғашқы қиындықтар 05:13-де басталды – қатты соққы сезіліп, автопилоттың ажыратылу дабылы іске қосылды

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есепті жариялады. Осы есепте жарияланған оқиғаның хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экипаждағы алғашқы қиындықтар 05:13-де басталды – қатты соққы сезіліп, автопилоттың ажыратылу дабылы іске қосылды. Мұнан соң дереу 3-ші гидрожүйедегі қысым төмендеді. 3-ші гидрожүйедегі сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін азайды. Басқару рөлдері нөлдік қалыпта бекітіліп, ұшу соңына дейін өзгеріссіз қалды.

05:13:34 –  үшінші гидрожүйедегі қысым 0 PSI-ге дейін төмендеген. 3-ші гидрожүйедегі сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін төмендеген. Басқару рульдері нөлдік күйде бекітіледі және ұшу аяқталғанша осы қалыпта қалған.

05:13: 36 –тангаж бойынша әуе кемесін триммерлеу жүйесінің істен шығуы тіркелген.

05:13: 39 – FDR мәліметтері бойынша, кабинаның разгерметизациясы басталғаны (саңылаудың пайда болуы) тіркелген.

05:13:47 – «HYD 2 LOW PRESS» дабылы іске қосылған. 1-ші гидрожүйедегі қысым 0 PSI-ге дейін, сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін төмендеген.

05:14: 58 - CVR мәліметтері бойынша, ішкі байланыс командирі жағдайды нақтылау үшін кабина экипажына хабарласқан: «Алло, не боп қалды?». Бортсерік: «2 орындық жарылды, мен... келе алмаймын, өйткені жолаушылар орнынан тұрып кетті, соларды отырғызып жатырмын», - деген.

Сағат 05:42-де экипаж апатты түрде қону үшін Ақтау қосалқы әуе айлағына бару шешімін қабылдаған.

06:22 – Экипаж мәжбүрлі қонуға дайындала бастады. Мұнан соң шасси шығаруға кірісті. Одан кейін механизация шығарыла бастады, артынан дыбыстық дабыл белгісі іске қосылды.

06:27 – Ұшақ жермен соқтығысты.

Министрлік ұсынған алдын ала есепте ұшақ қанатындағы көрінетін зақымдардан көптеген бөгде заттар табылғаны айтылған. Тергеу комиссиясы тексерісінен кейін олар қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Әзербайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажбен бірге 67 жолаушы болған. Олардың ішінде 29 адам аман қалды.

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан, Әзербайжан мен Ресей азаматтары болды.