Оралдың бас архитекторы 7 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: gov.kz

Орал қалалық әкімдігі жанындағы архитектура бөлімін басқарған Мұратбек Ташенбаевтың ісін Орал қалалық сотының судьясы Қымбат Хайрушева қарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бас архитектормен бірге сол бөлімнің бас маманы болған Нұрсұлтан Ғатауда бар. Қаланың бас архитекторы мен бас маманы кәсіпкерден ақшалай пара алды деп айыпталып отыр. Істі қараған сот Мұратбек Ташенбаевты 7 жылға соттады және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Нұрсұлтан Ғатау 3 жыл, 6 айға сотталды. Ал осы екі қызметкерге ақшалай пара берген кәсіпкер Асылжан Көпбаев пара беру бабымен 7 жылға сотталды.