ШҚО-да әйел 69 жасына дейін жеке куәліксіз өмір сүріп келген

Qaz365.kz редакциясы

Осыған дейін ол 1974 жылғы КСРО төлқұжатын пайдаланған

Фото: ашық дереккөзден

Қарт әйел өмір бойы құжатсыз өмір сүрген. Плотникова Людмила Анатольевна алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Yk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін ол 1974 жылғы КСРО төлқұжатын пайдаланған, бірақ кейін оны жоғалтып алған. Ұзақ уақыт бойы жаңа жеке куәліктің қажеттілігін сезінбей келген. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай аймағының көші-қон қызметіне хабарласуды ұйғарған.

«Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған жан-жақты қолдау көрсетті: қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, жан-жақты тексеру жүргізді және тиісті органдарға сұраныс жіберді. Ақпан айында Людмила Анатольевна барлық рәсімді орындағаннан кейін алғашқы жеке куәлігін алды», - делінген хабарламада.

Ол мамандарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, енді ол Қазақстан азаматы ретінде барлық құқығын пайдалана алатынын, әлеуметтік қызметтерді ала алатынын және ешқандай шектеусіз өмір сүре алатынын атап өтті.