Қамауда отырған Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаев 24 жылға сотталған еді

Фото: Jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бишімбаев мекеме әкімшілігі оған жеңілдік жасамай отыр деп шағымданған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді.

«Сотталушының бір заң бұзушылық болғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырмады», – дейді ҚАЖК өкілдері.

Ведомство өкілдері Бишімбаев нақты қандай заңбұзушылық жасағанын айтпады.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.