Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Сот шешімі шықты

Фото: ашық дереккөзден

Ақтау қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында №39 "Хиуаз бөбекжайы" балабақшасының есепшісі мекеме директорының атынан банк құжаттарына заңсыз қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны белгілі болды.

Соттың үкімімен есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.