Ақтөбе теміржол стансасында адам мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция оқиғаның нақты қалай болғанын ашып айтпады

Сурет: Жолаушылар тасымалы АҚ

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 ақпан күні болды. Полиция оқиғаның нақты қалай болғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Орал – Астана» бағытындағы пойызға мас күйінде мінген 48 жастағы жолаушы терезе сындырған. Полиция оны ұстап, іс сотқа жолданды.