Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз жігіт қамалды

Nur-Altay Umirzak

Оған ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады деген айып тағылған

Сурет: Ayran – YouTube арнасы/Бейнеден кадр

 

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы 24.kg агенттігі ақпарат жариялады.
 
Қырғызстанда Кенесары ханның басы алынғаны үшін өз атынан қазақтардан кешірім сұраған әнші Қайрат Примбердиевті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қамауға алған. 

“Ayran – YouTube арнасында сөз сөйлеп, ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады. Қайрат Примбердиевке қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген хабарламада.