Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Атырау қаласында 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастағаны белгілі болды. Полиция бұл деректі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 7 ақпан күні болған.
"Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталатын болады.
Жергілікті басылымның жазуынша, ресми емес ақпарат бойынша әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.